Өткен жылы Тәжікстанға 37 мыңнан астам қазақстандық турист барған

Фото: Мадибек Джанибеков

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Тәжікстанға 1,7 миллионнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 25 пайызға жоғары, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Есептік баспасөз мәслихатында Тәжікстан Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту комитетінің төрағасы Джамшед Джумахонзода өткен жылы елге барлығы 1 млн 784 мың 454 турист келгенін айтты.

Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 384 мың адамға немесе 27,5%-ға көп.

— 2025 жылы туристердің ең көбі Өзбекстаннан келді — 1 046 672 адам. Ресей Федерациясынан 396 475 турист, Қырғыз Республикасынан 137 530 адам, Қазақстан Республикасынан 37 288 турист, Қытай Халық Республикасынан 33 178 адам келген, — деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, туристердің жалпы санының 1 млн 634,5 мыңы ТМД елдерінен, ал қалған 149,9 мыңы алыс шетелдерден келген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Тәжікстанда Starlink спутниктік байланыс жүйесі ресми түрде іске қосылды.