Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында «Тұрғын-үй жинақ банкі» АҚ-сының басқарма директоры Данияр Тойбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тұрғын-үй жинақ банкі 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасының операторы болып табылады. Сондықтан өткен жылдары мемлекеттік баспанаға ие болған азаматтар өз несиелерін біздің банкке ауыстыра алмайды. Бірақ егер олар осы күнге дейін екінші деңгейлі банктермен келісім-шартқа отырмаса, онда бізге келіп, 4 пайыздық мөлшерлеме көлеміндегі тұрғын-үй несиесін ала алады», - дейді Д.Тойбаев.