Бұл туралы аталмыш компанияның 2010 жылғы 11 айдың өндірістік қызметінің қорытындыларына арналған ақпаратында айтылған.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2010 жылғы қаңтар - қарашада мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 47 млн. 879 мың тонна болды. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 519 мың тонна немесе 3 пайызға артты», - делінген баспасөз хабарламасында.
«ҚазТрансОйл» АҚ ММ жүйесі бойынша жүк айналымы 2010 жылғы он бір айда 31 млрд. 202 млн. тонна км. болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 593 млн. тонна км-ге немесе 2 пайызға артты.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі биылғы есепті кезеңнің қорытындылары бойынша 9 млн. 241 мың тонна мұнай деңгейіне жеткен. Бұл 2009 жылдың осы кезеңінің көрсеткішінен 2 млн. 224 мың тонна немесе 32 пайызға артық.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен Ресей мұнайының транзиті 2010 жылғы есепті кезеңнің қорытындылары бойынша 5 млн. 064 мың тоннаны құрады. Бұл да 2009 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 212 мың тоннаға немесе 4 пайызға көп.
Өткен жылмен салыстырғанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі де арта түскен. Атап айтқанда, 2010 жылдың 11 айының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының МӨЗ-деріне өңдеу үшін мұнай тасымалдау көлемі 11 млн. 568 мың тоннаны құраған. Бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 1 млн. 688 мың тоннаға немесе 17 пайызға артық.