Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Қысқа мерзімді индикатор ЖІӨ-нің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс салалары негізінде есептелінетін еске салған ол: «өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 11 трлн. 756 млрд теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 10 пайызға көбейді. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде - 5,3, өңдеу өнеркәсібінде - 18,4, электрмен жабдықтау, бу беру және ауа баптауда - 4,1, сумен жабдықтауда 4,8 пайыз өсім байқалды», - деді.
Сондай-ақ агенттік басшысының атап өтуінше, өткен жылдың 12 айында ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1 трлн. 441 млрд. теңгені құраған. Бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7 пайызға кем.