Өткен жылдың қарашасында сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы байқалды - Статистика

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қарашасында сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы байқалды, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 2010 жылғы қарашада қазан айымен салыстырғанда баға экспортталатын тауарларға 2,4, импортталатын тауарларға 2,1 пайызға жоғарылаған.

Экспорттық жеткізілімдерге бір айдағы баға жоғарылауы алюминийге - 9, көмірге - 8,4, мырышқа - 6,3, мысқа - 5,8%, қорғасынға - 4,9, мұнайға 2,8 пайыз көлемде тіркелсе, қара металдан жасалған бұйымдарға 16,1 пайызға арзандаған. Сондай-ақ мақта - 15, бидай - 12,5, темекі 6,8 пайызға қымбаттай түскен.

Ал импорттық түсімдерден күріш - 14,6, өсімдік майы - 14,5, құс еті - 12,7, шай - 5,4, қант - 5, кофе 4,6 пайызға қымбаттап, балық - 15,1, маргарин 1,5 пайызға арзандаған.