«Бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 4,6 пайызға жоғарылады. Бұл толығымен азық-түлік тауарларына бағаның өсу серпініне сәйкес болып табылады. Жалпы есептеулер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады», - дейді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес, әр бес-алты жыл сайын күн көріс деңгейінің шамасын есептеу әдістемелері халықтың әл ауқатына қарай өзгеріп тұруы тиіс.
«Қазақстанда күн көріс деңгейін есептеу әдістемесіне қатысты соңғы өзгеріс 2006 жылы болған еді. Сондықтан да, күн көріс деңгейін есептеудің әдістемесін жаңартудың уақыты келді. Осыған орай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықаралық еңбек ұйымымен бірлесе отырып, тиісті жобаны жүзеге асыратын болады», - деді Ә. Смайылов.