Өткен жылдың желтоқсан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 15 619 теңгені құрады

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2011 жылғы желтоқсанда еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 15 619 теңгені құрады.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

 Агенттік мәліметтеріне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1 пайызға, 2010 жылғы желтоқсанмен  13,8 пайызға өсті.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,2 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 16,7 пайыз, жемістер мен көкөністер - 9,6 пайызды құраған. Ал нан және жарма өнімдері - 8,2 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,3 пайызды құрады.