«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2010 жылғы желтоқсанда 46 мың адам қабылданып, түрлі себептермен - 64 мың адам жұмыстан шықты. Олардың арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 78,1, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты шығып қалғандар - 5,2, ал басқа да себептермен кеткендер 16,7 пайызды құрайды», - делінген ведомство ақпаратында.
Сондай-ақ 2010 жылғы желтоқсанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 1,5, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті- 2,1, кадр тұрақсыздығы - 1,7 пайызды құраған. Осы айда жұмыстан босатылған қызметкерлер санының 71,9 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылды.