Оның 1000-нан астамы қасақана түрде жасалған. Қылмыстық істердің басым бөлігін әр минут сайын қоғамдық тәртіпті қадағалап отыратын патрульдік полиция ашып отыр.
«Өткен жылмен салыстырғанда қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың ашылуы 7,2 пайызға артты. Сараптама көрсеткендей, тонаушылық, қарақшылық шабуыл, бұзақылық оқиғалары көбіне қаланың шеткі аудандарында орын алуда. Сондықтан да біздің қызмет сол аудандарда күзетті күшейтуде. Жол полициясы, патрульдік полиция және жаяу күзеттің көпшілігі сол аумақтарда шоғырландырып отырмыз. Қоғамдық тәртіп жағдайын жақсартуды ішкі миграциялық үдеріс қиындатып отыр. 9 айдың ішінде басқа жерлерден, яғни шеттен келушілер жеңіл нәпақа табу мақсатында қоғамдық орындарда 1663 қылмыс жасады. Мәселен, жақында пышақпен қорқытып, жасөспірімнің ақшасы мен қалта телефонын алып кеткен екі жігіт ұсталды. Олардың екеуі де Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданынан келген. Қылмыскерлер заттық айғақпен сол жерде ұсталды»,-деді Алматы қаласы бойынша Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы, подполковник Серік Кененбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта да қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстарды азайту мақсатында кешенді шаралар жалғасуда.
«Бүгінде қаланың криминагенді саналатын аудан учаскелерінде жеті «Гранит» жылжымалы полиция пунктері жұмыс істейді. Қала бойынша түнгі уақыттары іздеу топтары кезекшілік жасайды», -деді С. Кененбаев.