Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің 2011 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен алқа мәжілісінде аталмыш ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті.
Оның айтуынша, өткен жылы елде, әсіресе, апат медицинасы жақсы дамыды. «Бұл қызмет түрі бойынша бізде Апатты медицина орталығы мен оның 11 филиалы, 18 теміржол госпиталі, 310 медициналық бекеттер, 3 пойыз бен трассалық медициналық құтқару көлігі бар. Осылардың ішінде тек өткен жылы ғана «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен жіберілген медициналық пойыздар 212 шағын стансылар мен олардың аймағындағы ауылдардың 84 мыңнан астам тұрғынына көмек көрсетті. Ал «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының өкілдері өткен жыл бойына 1 миллион 793 мың 713 азаматқа көмек көрсетті. Бұл медицина мамандарынан құрылған үлкен топ және олар кез келген апатты жағдайда азаматтарға қол ұшын созуға дайын»,-деді министр.