«Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес, 2014 жылы 417,8 мың азаматқа бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 26,1 млрд. теңге жұмсалды.
Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 58 172 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 96 953 теңге төленеді. 2015 жылы бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 28,4 млрд. теңге қарастырылған.