Ranking.kz порталының деректеріне қарағанда, коронавирус індеті тарағанға дейінгі 2019 жылы қазақстандықтар 23,4 млрд теңге қаражатын кино көруге жұмсаған болатын. Жалпы елімізде 2021 жылы 104 кинотеатр қызмет көрсетті. Оның төртеуі ғана ауылдық жерде орналасқан. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2020 жылы республикада 104 кинотеатр, оның үшеуі ауылдық жерде, 2019 жылы 101 кинотеатр, оның бесеуі ауылдық жерде орналасқан болатын. Кинотеатрлардың ең көбі Алматы қаласында – 22. Одан кейін Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысында 10-нан кинотеатр бар.
Кино көрсетумен айналысатын ұйымдардың табысы 1 жылдың ішінде айтарлықтай артты. Мәселен, 2020 жылы 5,9 млрд теңге табыс тапса, 2021 жылғы табыстары 13,6 млрд теңгеге жетті. Дегенмен, 2019 жылғы деңгейге жете алған жоқ. Сол жылы кино көрсететін ұйымдар 21,2 млрд теңге табыс тапқан еді.
Өткен жылы кинотеатрлар табысының негізгі бөлігін шетелдік фильмдерді көрсетуден тапты - 10,8 млрд теңге. Айта кетерлігі, 2020 жылы көрсетілуі тиіс шетелдік фильмдердің біразы 2021 жылы ғана көрерменге жол тартқан болатын. Өкінішке орай ұлттық фильмдерді көрсетуден түсетін табыс 2020 жылғы 2,1 млрд теңге болса, өткен жылы қысқарып, 1,5 млрд теңгені құрады. Ал бірлескен өндіріс түсірген фильмдерді көрсетуден түскен табыс 119,9 млн теңгеден 1,3 млрд теңге дейін артты.
2021 жылы ки н осеа н старға барушылар саны 8,5 млн-ға жетті. Бір жылдың ішінде көрсеткіш 76,8 пайызға артқанымен 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге қысқарған.
2021 жылы кин о театрларға барған 8,5 млн адамның 6,6 млн-ы шетелдік, 961,8 мыңы ұлттық, ал 885,9 мыңы бірлесіп түсірілген фильмдерді тамашалаған.
2022 жылдың наурыз айының қорытындысында кинотеатр қызметінің бағасы жыл ішінде 4,8 пайызға қымбаттады. Ал бір жыл бұрын өсім бірден 10,8 пайыз болған еді.
Осы жылдың наурыз айында Қазақстан қалаларында орналасқан кинотеатрлардағы билеттің орташа бағасы 1 655 теңге болды. Еліміздің ірі қалалары арасында кино билетінің ең қымбаты Шымкент (2 714 теңге), Атырау (2 583 теңге) және Түркістан (2 550) қалаларында тіркелген. Ал ең арзан баға Семей, Орал және Көкшетау қалаларында – 1 200 теңгеден.