Қазандық құрылысы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Жобаның құны 123,6 миллион теңгені құрады. Жаңа блокті-модульді (БМК-6) қазандық көппəтерлі тұрғын үй, əлеуметтік, әкімшілік нысандарды жылытады. Нысан округ әкімдігінің балансында.
Еске сала кетейік, осыған дейінгі қазандық «Ардагер Неруд» ЖШС меншігінде болған еді. Өткен жылдың күзінде жылу беру маусымының басында аталмыш жылу қазандығында төтенше жағдай орын алып, жылу беру бірнеше күнге уақытша тоқтатылған болатын. Осыған орай сол кезде аймақ басшысының тапсырмасы бойынша келеңсіздікті жоюға облыс жəне аудан орталығындағы коммуналдық кәсіпорындардың 15 маманы жұмылдырылып, екі бу қазандығы орнатылған еді. Биыл сол олқылықтар түбегейлі жойылып, жаңа қазандық іске қосылып отыр.