Бұл туралы қаланың ауыл шаруашылығы басқармасы мәлім етті.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, 2012 жылы бас қалада 137,1 мың тонна ұн, 16, 9 мың тонна нан, 11,14 мың тонна макарон, 10 мың тонна жарма, 1,4 мың тонна шұжық, 495 тонна сүт өндірілген.
Осы өнімдерден экспортқа 105,05 мың тонна ұн, 6,12 мың тонна макарон және 4,33 мың тонна жарма жіберілген.
Айту керек, қала өзін тек 13% негізгі тағамдармен қамтамасыз ете алады. Қалғаны Астана маңындағы азық-түлік белдеуінен (35%), Қазақстанның басқа да аймақтарынан (18%), сондай-ақ, шетелдерден (34%) әкелінеді.
Еске салайық, бүгінгі күні экспорт мәселесін «Казагромаркетинг» компаниясы белсенді дамыту үстінде. Ол отандық кәсіпорындар шығаратын азық-түлік тауарларын Ресей Федерациясының ірі өндірістік орталықтары - Омбы, Екатеринбор, Самара, Челябі қалаларына шығарып, осы қалаларда біздің логистикалық орталықтарымызды салу мүмкіндіктерін іздестіруде. Бұл туралы таяуда өткен Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәжілісі кезінде «Қазагромаркетинг» АҚ басқарма төрайымы Айгүл Ахметжанова айтты.