«Өткен жылы 190 автомобиль өртенді, қазіргі уақытта аптасына көліктің өртенгені туралы 2-3 хабарлама келіп түседі. Бүгінде қалада 300 мыңнан астам көлік ресми тіркелген. Оған қоса, 100-ге жуық басқа қалалардан келген көлік бар», - дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мейрам Ысқақов.
Оның айтуынша, көп жағдайда 10 жылдан астам уақыттан бері қолданылып жүрген көліктер өртенеді.
Бүгінгі таңда елордада 300 мыңға жуық көлік бар, олардың басым бөлігі 10-15 жылдан бері пайдаланылып келеді.