Өткен жылы Астанаға аймақтардан 29 687 адам келді

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Халықтың ағымдағы есебі мәліметтері бойынша, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Астанаға 50 863 адам көшіп келіп, 31624 адам көшіп кеткен (көші-қон сальдосы +19 239 адам), - деп хабарлайды astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, көші-қон сальдосының жағымды тұстары негізінен ішкі көші-қон есебінен (19 529 адам келген) көрінеді. Сыртқы көші-қон мәселесінде жағымсыз сальдо (қаладан 290 адам көшіп кеткен) байқалады.

2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда Астана қаласына көшіп келушілер 14,1%-дан аз болса, көшіп кетушілер 13%-дан жоғары болып отыр.

Астана қаласының Статистика департаментінен хабарлағанындай, негізгі көші-қон аймақаралық көшіп-қону есебінен жүруде. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қоныстанушылар - 29 687 адамды, көшіп кетушілер - 10158 адамды құраған.