«2018 жылы облыста әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы сақталды. Өткен жылғы 9 айдың ішінде облыстағы жалпы аймақтық өнім 4,9 трлн теңгені құрады. Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім 7 850,9 мың теңге болды. 2018 жылы өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі - 7 512,2 млрд теңге. Тау-кен қазу өнеркәсібінде 6 844,1 млрд теңгеге өнім шығарылған. 47,2 млн тонна мұнай және 23,6 млрд текше метр газ өндірілді, бұл 2017 жылдың көрсеткіштерімен салыстырсақ, сәйкесінше 111,8% және 113,0% болып тұр», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Автор: А.Соколов