деп хабарлады ҚР Статистика агенттігің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, өткен жылғы желтоқсанда 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 11,3 пайызға және 2010 жылдың өткен айымен салыстырғанда 15,8 пайызға жоғарылаған.
Сонымен қатар агенттіктің хабарлауынша, 2010 жылы бөлшек сауданы тұрақты желілерде жүзеге асыратын сауда кәсіпорындарының қызметі біртіндеп тұрақтанған. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанында сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 1634,1 млрд. теңгеге немесе 13,3 пайызға артық.