Өткен жылы ДДСҰ Қазақстанды «безгектен және полиомиелиттен тазарған ел» ретінде таныды - С.Қайырбекова
«2012 жылы Үкімет Онкологиялық көмекті дамытудың 2011-2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. Жалпы алғанда онкологиялық қызметтің бюджеті 2,2 есеге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 1,7 есеге өсті. 2012 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды «безгектен және полиомиелиттен тазарған ел» ретінде таныды», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, 2012 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аяқталды. Пациенттің стационарды еркін таңдауы мүмкін болды. Осы құқықты пайдаланған тұрғындар 2,5 есе артып, оның ішінде ауыл тұрғындарының үлесі өсті. Мамандандырылған көмек көлемінің 6, жоғары мамандандырылған көмектің көлемі 20 пайызға өскені байқалады. «Бүгінде бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін тұрақты енгізу еліміздің өңірлерінде жоғары технологияларды дамытуға мүмкіндік берді», - деді С.Қайырбекова.