Өткен жылы елдің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 5 трлн. теңгені құрады - Статистика

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - 2011 жылы елдің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 5 трлн. теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі 5,0 трлн. теңгені құрады. Қаражаттың едәуір бөлігі (51,0%) ғимараттар салу  мен күрделі жөндеу жұмыстарына, машиналар, жабдықтар, аспаптар және мүкәммалдарды сатып алуға (31,7%), өзге де жұмыстар мен шығындарға (17,3%) бағытталған», - делінген ведомство ақпаратында.