Өткен жылы еліміз бойынша 20-дан астам қосымша пойыз жолға шыққан

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қазақстан бойынша 20-дан астам қосымша пойыз қызметі ұйымдастырылған. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан деректерден мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акционерлік қоғамның баспасөз мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы «Алматы - Түркістан» және «Астана - Түркістан» қатынасындағы екі жаңа бағыт Түркістан облысына бару мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетті.

Тап осындай мүмкіндіктерді қарастыру үшін «Түркістан - Сарыағаш», «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Шымкент» - қаламаңы әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша пойыздардың қатынасы ұйымдастырылды.

Жолаушылардың өтініштерін назарға ала отырып, 2018 жылы республикаішілік бағыттар бойынша қосымша сегіз коммерциялық пойыз, сондай-ақ «Қарағанды-Томск» қатынасындағы халықаралық жолаушылар пойызы іске қосылды.

Мереке мен мерекеалды күндері әртүрлі 13 қосымша пойыздар жолға шығарылды.

Өткен жылы «Алматы-Павлодар», «Астана-Риддер» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушы пойызының жылжымалы құрамы жаңартылды.

«2019 жылы Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру саласындағы жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету, жолаушылардың игілігі үшін қажетті өзге де мүмкіндіктерді қарастыра бермек»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар