Өткен жылы елімізде алкоголь өнімдерін дайындайтын 44 жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің көлеңкелі экономиканың үлесі төмендеп келеді.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің 2022 жылғы жұмыстарының қорытындысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік таратқан ақпараттарға қарағанда, елде бизнесті қылмыстық процеске тартуды азайту бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Нәтижесінде тіркелген істер саны жыл сайын тұрақты төмендеп келеді. Соңғы 4 жылда олардың саны екі еседен астамға, 2021 жылмен салыстырғанда – төрттен бір бөлегіне қысқарды. Соттар тергеушілердің әрекеттеріне түскен шағымдарды 20%-ға аз қанағаттандырды.

Бұл ретте, негізгі назар көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимылға бағытталған, мұндай істердің тіркелген материалдардың жалпы санының үлесінен 70%-дан асады (бұл істер бойынша мүлікке тыйым салуды ескере отырып, 97 млрд теңгеден астамы өтелді).

Лудоманияның алдын алу (ойынға тәуелділік) аясында 110 заңсыз ойын мекемесі жойылды.

Азаматтарды заңсыз алкоголь өнімін пайдаланудан қорғау мақсатында 44 жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды (айналымнан 1,5 млн бөтелке контрафактілі алкоголь және 99 мың литр спирт және құрамында спирті бар өнімдер алынды).

Қабылданған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейінің 21,5% болжамды мәнімен 19,7%-ға дейін төмендеуіне оң әсер етті.


Фото: ivteleradio.ru