2012 жылы Есіл ауданында 30 орамішілік аумағы, Алматы ауданында - 37, Сарыарқа аудынында - 64 аула абаттандырылған.
Сонымен қатар, әкімдік биылғы жылы қаладағы қалған аулалардың аумағын да толық ретке келтіру туралы шешім қабылдады. Құрылыс жұмыстарына ПИК-тер қатысып, абаттандырылған аулалардың одан кейінгі жағдайын қадағалайтын болады.
Аулаларға абаттандыру жұмысын жүргізуден басқа, қала әкімдігі тұрғындардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына барлық мүмкіндіктер жасап отыр. Тек Алматы ауданының өзінде 2012 жылы 8 мекенжайда жасанды көгалдандырылған футбол алаңы жабдықталды.
Ал Есіл ауданында өткен жылы орталық паркке 33 дана спорттық снарядтар қойылды. «Шығыс Ильинка» тұрғын үй алабында футбол алаңы салынды, деп хабарлайды, аудан әкімдігінен.