Сонымен қатар, басқарма бастығының айтуынша, өткен жылы 2 024 нысанды қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және жаңарту жөнінде шешім шыққан. 2012 жылы барлығы 1 020 эскиз жобасы келісіліп, тіркелді. Олардың 55-і жоғары сапалы әрлеу жұмыстары материалдарының жоқтығынан кері қайтарылып алынды. 1404 сәулет-жоспарлау ғимараты пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Сәулет және қала құрылысы басқармасы 2004-2012 жылдары тұрғызылған тұрғын үй кешендеріне тексеру жүргізді. Тексеру барысында елорданың әрбір ауданындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу мен жүргізілген техникалық жұмыстарға ескертулер жасалып, оларды жою ұсыныстары айтылды. Нәтижесінде 29 тұрғын үйге жасалған ескертулер жойылды.
Тексеру тек ғимараттар мен тұрғын үй кешендеріне ғана қатысты емес. Мәселен, өткен жылы өз бетінше қоршап алған 79 факті, заңсыз жазғы дәмхана тұрғызған 49 факті анықталды. Барлық заң бұзушылықтар туралы материалдар тиісті шара алу үшін Аймақаралық жер қатынастары инспексиясына жолданды.
В. Силецкий, сондай-ақ, Сәулет және қала құрылысы басқармасы азаматтардың арыз-шағымдарына баса көңіл аударатындығын айтты. Өткен жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 31 123 хат түсіп, бұл 2011 жылға қарағанда 123,3%-ды құрады. Басқарма бастығының жеке қабылдауында 488 азамат болған.