Өткен жылы елордалықтар 545 тонна негізгі азық-түлік тұтынды

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде елордада 773 мыңнан астам тұрғын бар. Қала халқы 2012 жылы сүт, ет, көкөніс, тағы басқа да әлеуметтік маңызды 545 000 тонна азық-түлік тағамдарын тұтынған.

Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 30 000 тоннаға көп, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Далабаевқа сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметтері бойынша, өткен жылы астаналықтарды тамақтандыруға 10 054 т бірінші сортты бидай ұны, 54 694 т ақ нан, 7 579 т макарон өнімдері, 88 939 т картоп, 99 767 т көкөніс, 38 901 т ет (жылқы, сиыр, қой, шошқа), 165 505 т сүт және сүт өнімдері, 10 054 т жұмыртқа, 21 809 т қант, 1 547 т қара құмық және 4 640 т басқа да (арпа, манна, сұлы, тары) жармалар жұмсалған.

Айту керек, қала тек өзін 13% негізгі тағамдармен қамтамасыз ете алады. Қалған бөлігі (35%) Астананың азық-түлік белдеуінен, Қазақстанның басқа аймақтарынан (18%), сондай-ақ, шетелден (34%) жеткізіледі.

Мәселен, өткен жылы қалада 13 000 т сүт және сүт өнімдері өндірілсе, 62 892 т Ақмола облысынан, 26 000 т - Қарағанды облысынан, 7 521 т - Солтүстік Қазақстан облысынан, 15 700 т - Қостанай облысынан және 6 500 т. Павлодар облысынан әкелінді. Сонымен қатар, 33 000 т сүт және сүт өнімдері Астанаға Украина, Голландия, Беларус пен Ресей Федерациясынан импортталды.

Ет негізінен Астанаға Ақмола (13 227 т), Қарағанды (5 047 т) және Қостанай (6 100 т) облыстарынан жеткізіледі. 3 000 тоннаға тарта ет Австралия, Аргентина, Польша мен Ресейден әкелінді.