Өткен жылы инфляция деңгейі 6 пайызды құрады - Үкімет басшысы

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы инфляция деңгейі 6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасының қатысуымен 2012 жылдың қорытындысы және «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру міндеттері бойынша өтіп жатқан кеңейтілген отырыста Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

«2012 жылдың 11 айында экономикадағы несие көлемі 13,6 пайызға өсіп, 9,7 трлн. теңгеден асып түсті»,-деді ол.

С. Ахметовтың сөзіне қарағанда, өткен жылы елімізге сырттан келетін инвестиция көлемі де арта түсті. 2012 жылы экспорттық бағалау бойынша шамамен 20 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды.

«Инфляция соңғы 10 жылдың ішіндегі ең төменгі деңгейде, 6 пайыз көлемінде қалыптасты.