Өткен жылы Intel-дің таза кірісі 11,7 млрд. долларға дейін өсті

None
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Микроэлектроника өндіретін әлемдегі ең ірі кәсіпорын - Intel Corp. корпорациясының таза кірісі өткен жылы 167 пайызға өсіп, 2009 жылы алынған 4 млрд. доллармен салыстырғанда, 11,7 млрд долларды құрады. Мұндай дерек кеше жарияланған компания есебінде айтылды, деп хабарлайды РБК.

Есепті мерзім ішінде компанияның түсімі 24 пайызға өсіп, бір жыл бұрынғы 35,1 млрд. доллармен салыстырғанда 43,6 млрд. долларға дейін артты. 2010 жылдың қорытындысы бойынша компанияның операциялық кірісі 15,9 млрд. долларды құрап, 2008 жылы 5,7 млрд. доллар деңгейінде белгіленген, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 179 пайызға жоғары нәтиже көрсетті.

2010 жылдың IV тоқсанында Intel-дің таза пайдасы 15 пайызға өсіп, 3,4 млрд. долларды құрады. Есепті мерзімнің түсімі 3 пайызға өсіп, 10,6 млрд. доллардан 11,5 млрд. долларға дейін артты.