Өткен жылы Қазақстан экономикасына 18 млрд. доллар тікелей инвестиция тартылды - Елбасы
12:07, 02 Наурыз 2012
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қазақстан экономикасына 18 млрд. доллар тікелей инвестиция тартылды.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
ҚР Президентінің атап өтуінше, өткен жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 126 млрд. долларды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өскен.
Сондай-ақ, экспорт 88 млрд. долларды құраса, оның ішінде 22 млрд.-тан астам доллар шикізаттық емес сектордың тауарлары. «Өткен жылы Қазақстан экономикасына 18 млрд. доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұл біздің еліміз үшін жақсы көрсеткіш»,-деді Елбасы.