ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда бұл көрсеткіш 40,8 пайызға артық. Оның ішінде экспорт 7 618,0 млн. АҚШ долларын (43,1 пайызға артық), ал импорт 16 908,7 млн. АҚШ долларын құрады (39,8 пайызға артық).
Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (Кеден одағы елдерінің барлық экспорттық көлеміне 55,4 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (26,5 пайызы), химиялық өнеркәсіп өнімдері (9,0 пайызы) құрады.
Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан машиналар және жабдықтар (Кеден одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміне 29,9 пайыз), минералды өнімдері (27,0 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,5 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (10,7 пайыз) жеткізілді.