«Өткен жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша төлем балансының ағымдағы шоты профицитпен қалыптасып, сауда балансының жақсаруына байланысты 8 млрд долларды құрады. Сауда балансының профициті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7 млрд долларға ұлғайып, 29,2 млрд доллар болды», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның дерегінше, мұнай және газ конденсаты экспортының 36,4 млрд долларға дейін 63,4 пайызға өсуі есебінен тауар экспорты 64,2 млрд долларға, 48,4 пайызға ұлғайды.
«Тауар импорты 35 млрд долларға дейін 17,5 пайызға өсті. Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі 3,3 млрд долларға ұлғайып, 19,7 млрд долларды құрады. Ағымдағы шоттың профициті тұрақсыз. Өйткені ол шикізат бағасының, ең алдымен, мұнай бағасының жоғары болуына байланысты», - деді Ғалымжан Пірматов.