деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде зенетақылық салымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына толықтай кепілдік жасалды. Сондай-ақ бюджет қызметкерлерінің жалақылары 25 пайызға артып, жұмыс барысында денсаулығына өте мол мөлшерде күш түсіретіндіктен қосымша қаржы алуға жататын дәрігерлер мен медицина мамандарының тізімі кеңейтіле түсті. «Ал мемлекеттік әлеуметтік және арнайы жәрдемақылар мөлшері 9 пайызға артты. Сондай-ақ «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында тарихи отанына15 мың 534 отбасы оралды», деді министр.