Өткен жылы облыста 467590 шаршы метр аумаққа 3659 жаңа пәтер салынған
21:12, 19 Қаңтар 2009
АҚТАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысында 2008 жылы тұрғын-үй құрылысына 24467 миллион теңге көлемінде инвестиция бағытталған. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 36,8 пайызға артық. Бір жылда облыста жалпы ауданы 467590 шаршы метр аумаққа 3659 жаңа пәтер салынған.
Бұл да алдыңғы жылғы көрсеткіштен 1,3 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Салынған үйлердің 64 пайызы мемлекеттік емес сектордың субьектілеріне тиесілі. Пайдалануға берілген үйлердің басым бөлігі, яғни, 16,7 пайызы Ақтау және 22,8 пайызы Жаңаөзен қалалары мен 30,8 пайызы Мұнайлы ауданында салынған. Үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрінің орташа құны 39,5 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 31,2 мың теңге болған.