«Жыл қорытындысы агроөнеркәсіп кешенінің даму болашағы бар екенін көрсетті. Суармалы жердің көлемі 20 мың гектардан асып, ет пен сүт өндірісі ұлғайды. Сондай-ақ, балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жоспарымызда бар.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 106,6%-ды құрады. Қосымша агроөнеркәсіптік кешенде импортты алмастыруды субсидиялау және ынталандыру тетіктері іске асырылды. Нәтижесінде 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 25 млрд теңге қаражат алды», - деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында облыстың Тұрақтандыру қоры 2,5 млрд теңгеге толықтырылған. Баспасөз қызметінің мәліметіне сай, қазір қорда 5,4 мың тонна өнім жинақталған.