Өткен жылы салық органдары қызметтестерінің 7 жемқорлық қылмысын әшкереледі

None
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы салық органдары қызметтестерінің 7 жемқорлық қылмысын әшкереледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев айтты.

Оның атап өтуінше, аталған фактілер Астана қаласы мен Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында анықталған. Сондай-ақ салық органдары қаржы полициясымен бірлесіп, салық төлеушілерден пара алу деректерін анықтау бағытындағы жұмыстарды да жүргізуде. Айта кетерлігі, 2009-2012 жылдар аралығында мұндай оқиғалардың 22 дерегі тіркелген болатын.