Өткен жылы шенеуніктер 245 сыйлықты мемлекетке тапсырған
Мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінде бағалау құны 967 971 теңгені құрайтын 30 бірлік бекітілген, 12 бірлік жойылды.
2020 жылы тіркелген ең қымбат сыйлық - Iphone 12 Pro ұялы телефоны (2020 жылдың желтоқсанында есепке алынды). Ол 617 991 теңгеге бағаланды.
Ең төменгі бағалау құны - 800 теңге - ақ түсті пластикалық гүлдер және «Dream» маркалы шоколад.
Сыйлықтарды сату кезінде: «Tom Ford» Lost cherry EAU Parfum иіс суы аукцион арқылы 59 467 теңгеге (бағалау құны 118 934 теңге), яғни ең жоғары сомаға сатылды, ең кішісі - «Dream» ақ гүлдер мен шоколад үшін 205 теңге (бағалау құны 800 теңге).
Еске сала кетейік, жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар өзінің қызметтік жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ресми іс-шара барысында берілген сыйлықтарды алған (табылған) күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде тапсыруға міндетті.
Оны ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырады.