Тамақ өнімдерінің, сусындардың, химия өнеркәсібінің және машина жасау өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалған. Керісінше Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында оның көлемі төмендеген.
18:09, 13 Қаңтар 2014
Өткен жылы шикі мұнай, табиғи газ және түсті металл кендерін өндіру артты
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және түсті металл кендерін өндіру артты. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі хабарлады.