Өткен жылы «Зеленый бор» шипажайында 150 еңбек және соғыс ардагері тынығып, денсаулықтарын түзеп қайтты

None
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Щучье ауданы аумағындағы «Зеленый бор» шипажайында өткен жылы 150 Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері тегін демалып, денсаулықтарын түзеп қайтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шипажай директоры Дүйсенбек Аманжоловтың айтуынша, жыл ішінде жеті мың адам табиғат аясында тыныстап, түрлі емдік шараларды пайдаланған. Тек ағымдағы жыл басынан бастап мұнда Nugabest кешенді емдеу бағдарламасы бойынша жүрек-қан тамырлары,өкпе, рак дертіне шалдыққандарды емдеу шаралары қолға алынып отыр. Сондай-ақ отау тіккен жас отбасыларының емін-ерік тынығуы үшін арнайы бөлмелер ескерілген. 18 бағыттағы туристік саяхат, шаңғы теуіп, суда жүзу, ат спортымен айналысу бағдарламасы да жұмыс жасайды.