Қазанның 6-сы күнгі жағдай бойынша, Хайнань аралығындағы Ваньнин қаласында зардап шеккен халықтың саны 357,7 мың адамға жеткен, оның ішінде 101 мың тұрғын қамалып қалса, 98 мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Алдын ала есеп бойынша, экономикалық шығынның мөлшері 500 млн. юань, 152 мың му (1 гектар = 15 му) ауыл шаруашылық алқабы су астында қалды.
Ваньнин қаласындағы шелектеп құйған жаңбыр қыркүйектің 30-ы күні түнде басталып, қазанның 6-сына дейін жалғасқан.