Көрме мақсаты – «Отпантаудан – Ұлытауға» суретшілер экспедициясының қорытындысын ұсыну.
Экспедиция «Ақтау қалалық суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік гранты аясында маңғыстаулық суретшілердің біліктілігін арттыру үшін қолға алынды.
Биылғы маусым айында Ақтауда аймақтағы дарынды суретшілерді іріктеу өтті. Ал шілдеде 4 облыстың киелі жерлеріне экспедиция және кәсіпқой суретшілердің қатысуымен шеберлік-сабақтар ұйымдастырылды. Экспедиция Отпантау – Сарайшық –Бөкей ордасы – Қорқыт ата – Қожа Ахмет Ясауи – Жәдігерлер кешені бағытын қамтыды. Оның аясында аймақ суретшілері Маңғыстау облысынан бастап Ұлытау облысына дейін жол жүріп, киелі жерлерде пленэр ұйымдастырды.
Өңір суретшілері «Отпантаудан – Ұлытауға» экспедициясының қорытындысы ретінде Астана қаласындағы «Күзгі вернисаж» көрмесіне шақырады.