Отпен ойнаған балалар 200-ден астам өртке себепші болды

Балалардың отпен ойнауы себебінен 209 өрт болды, деп хабарлайды Kazinform Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Фото: Pixabay

Биылғы 10 айда елімізде барлығы 9 мыңнан астам өрт тіркелді.

Оның ішінде балалардың отпен ойнауы себебінен 200 астам өрт болды немесе жалпы өрттің шамамен 2 пайызы.

Балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелері өз күшімен бірнеше мультфильм шығарды.

Соңғы жылдары ТЖ кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша 10 мультфильм жасалған.