Отшашулар фабрикасындағы өрттен 13 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда отшашулар фабрикасынан өрт шықты. Салдарынан 13 адам ажал құшып, тағы жеті адамды күйік шалды, деп хабарлайды The Associated Press.

Өрт Вакатиппа ауылындағы зауытта түскі үзіліс кезінде тұтанған. Оқиға отшашулар жағылатын от фестивалі - Дивали мерекесі қарсаңында орын алып отыр.

Айта кетейік, Үндістанда отшашуларға деген сұраныс өте жоғары. Оларсыз діни мерекелер де, үйлену тойлары да өтпейді.