«Атыраудағы ауа райы туралы не айтуға болады? Отсыз асфальтта жұмыртқа қуырдық. 40-42 градус ыстық. Міне, солай...», - дейді видео авторы.
Айта кетейік, Атырауда аптап ыстыққа байланысты ТЖ департаменті тұрғындарға ескерту жариялап, ыстық ауа райы 21 шілдеге дейін сақталатындығын хабарлады.