Озерск аудандық соты жергілікті тұрғынды екі ағашты отынға кескені үшін оны түрмеге қамау және ірі көлемде айыппұл төлеу жөнінде үкім шығарды, деп хабарлайды FlashNord порталы.
Сот оның келтірген залалын 130 800 рубльге бағалады.
Бұдан басқа екі ағашты аралағаны үшін екі жыл сегіз ай мерзімге түрмеге отырғызу үкімін шығарды. Ол жазасын жалпы режімдегі түрмеде өтейтін болады.
Дереккөздің хабарлауынша, сабазың бұдан бұрын да бірнеше рет заңды белден басқан көрінеді.