Кеңесте аудандық орталық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сәлима Оразбай баяндама жасап, медицина саласында туындап жатқан бірқатар мәселелерді көтерді. Ол өз сөзінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мен тәжірибесін шыңдау мақсатында медициналық орталықтар мен жоғары оқу орындарында арнайы келісімге сәйкес кәсіптік біліктіктерін арттырып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ жас нәрестелер арасындағы өлім-жітім төмендеп, тубуркулез ауруымен ауыратындар санының азайғандығын сөз етті. Десек те бас дәрігердің орынбасары ауданда онкологиялық аурудың өршіп тұрғанын айта келіп, бұл бағытта біршама тиісті жұмыстардың атқарылып жатқандығын жеткізді.
Жиында қоғамдық кеңес мүшелері С.Қыдыр, М.Белгібай, С.Ақыловтар портал мәселесіне көпшіліктің көңілі толмайтындығын, ауылдардағы жедел-жәрдем көліктерінің ескі екендігін баса айтып, емхана айналасын көгалдандыру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Кеңес мүшелері тарапынан айтылған сын-ескертпелерді растаған С.Оразбай алдағы уақыттарда жұмыс барысында басшылыққа алып, тиісті қорытынды шығатындығына сендірді.