Отырарлық спортшы халықаралық жарыста топ жарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия Республикасында өткен тоғызқұмалақтан халықаралық «Бай Өлке-2016» атты жарысында еліміздің ұлттық құрамасы атынан шыққан отырарлық Махан Дастан оқ бойы оза шауып, бірінші орын алды. Жерлесіміз Моңғолия жерінде еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымыздың айбынын асқақтатты.

Сондай-ақ, Орал қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінде Мырзахмет Шыңғыс пен Сейітжаппар Нұрсая Отырар ауданының намысын қорғап, екінші орынды иеленді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық ойыны. Яғни, жастарымыздың дәстүрлі ұлттық ойындармен сусындап жүргені - елдігіміздің келешегіне деген нық сенімді арттырары анық.