Отырарлық тұрғын туған жеріне спорт кешенін салып берді
Туған жерге деген тартулардың бірін елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында және қасиетті Рамазан айында жеке кәсіпкер Есбол Қамбаров Ақтөбе ауылында заманауи талапқа сай 240 орындық Әуесбек Қамбаров атындағы спорт кешенін пайдалануға берді.
Ауыл тұрғындарының алғысына бөленген жомарт азаматқа ел ағалары құрметпен ат мінгізіп, иығына шапан жапты.
Ендігі жерде ауыл тұрғындары спорттың күрес, бокс, кіші футбол, воллейбол, баскетбол, үстел теннисі секілді бірнеше түрімен шұғылданып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосатын болады.
Спорт кешенінің ашылу рәсімінен соң тыл ардагері Әуесбек Қамбарұлын еске алуға арналған воллейболдан облыстық біріншілікпен жалғасын тапты.
Тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан турнирге облысымыздан 10 команда қатысып, бақтарын сынады.