Отырысқа қатыспаған депутаттар мандаттан айырылады

АСТАНА. 17 шілде.- Ресейде мемлекеттік думадағы жазғы демалыстардан кейін, депутатты сот шешімінсіз мандаттан айыратын регламентке түзетулер енгізілмек деп, жазады "Ведомости".

Этика жөніндегі комиссияның шешімі бойынша депутаттардың отырыстарға қатыспаулары мандаттан айырудың негізгі себепкері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, депутаттар этика жөніндегі комиссияның шешімі бойынша БАҚ-та біреуді негізсіз қаралағаны және табыс декларациясын, жеке мақсаттағы саяхаттары туралы мәліметі бар дипломатиялық паспортын жариялаудан бас тартқандары үшін де мандатсыз қалуы мүмкін.
Басылымда жазылғандай, депутатты сот шешімінісіз регламент арқылы мандаттан айыру идеясы "итальяндық шеруден" кейін туындаған. Маусым айының басында думадағы екі партия "митинг" туралы заңды қарастыру барысында парламенттің жұмыс істеуіне кедергі келтірген еді. Онда депутаттар 300 ден артық түзетулер енгізіп, отырыс түнге дейін созылған болатын.

BAQ.KZ