Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, он бір палуан Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілген күрес түрлерінен жастар (U20) арасында әлем чемпионы атанған.
Олардың тізімі төмендегідей:
1996 жыл. Еркін күрес. 74 келі, Рамзан Муртазалиев.
2000 жыл. Грек-рим күресі. 54 келі, Әсет Иманбаев.
2000 жыл. Еркін күрес. 63 келі, Иосиф Момцелидзе.
2000 жыл. Еркін күрес. 58 келі, Абиль Ибрагимов.
2001 жылы. Грек-рим күресі. 54 келі, Әсет Иманбаев
2003 жыл. Грек-рим күресі. 60 келі, Нұрбақыт Теңізбаев
2008 жыл. Әйелдер күресі. 44 келі, Элеонора Абуталипова
2009 жыл. Грек-рим күресі. 50 келі, Артур Үмбетқалиев
2016 жыл. Грек-рим күресі. 74 келі, Тамерлан Шадукаев
2021 жыл. Әйелдер күресі. 57 келі, Нилуфар Раимова
2023 жыл. Грек-рим күресі. 55 келі, Исхар Курбаев
Еске салайық, Иордания астанасы Амман қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Исхар Курбаев жеңімпаз атанған болатын.