Oxfam нұсқасына сәйкес, «теңсіздік чемпионатындағы» ең үздік нәтижені бай мен кедей тұрғын арасындағы табыс айырмасы барынша жақын Бельгия мемлекеті көрсетіп отыр.
Ал 2014 жылғы әлем біріншілігінің қожайыны атанып отырған Бразилия Oxfam «чемпионатында» алғашқы айналымда-ақ сүрінген.
Латынамерикалық бірқатар елдердегі табыс алшақтағы айтарлықтай емес. Дегенмен Oxfam мәліметтеріне сәйкес, дәл осы өңірде байлар мен кедейлер арасындағы табыс айырмашылығының қысқара түсу үрдісі байқалады.
Oxfam турнирлік кестесіне сәйкес, «теңсіздік чемпионатындағы» барынша жұпыны нәтиже Ресей мен Ганаға бұйырып тұр.