Ойрат Сәдуов «Ертістің» бас жаттықтырушысының міндетін атқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстондық жаттықтырушы Тармо Рюютли «Ертістің» қостанайлық «Тобылдан» 0:3 есебімен ұтылғанынан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Енді команданың бас жаттықтырушысы міндетін атқару Ойрат Сәдуовке ұсынылып отыр. Бұл туралы команданың пресс-атташесі Мұхит Омаров мәлімдеді.

Еске сала кетейік, тоғыз турдан соң павлодарлық команда турнирлік кестенің 10-шы орнына тұрақтады.